Жарық көре бастағанына ширек ғасыр болған «Түркістан» газеті өркениетті оқырманды өрелі өріске қалыптастырып келе жатқан өзгешелігімен ерекшеленеді. Журналистиканың осы заманғы ұстанымын мұрат еткен басылым бардың бас-аяғын түгендеуде парасатты пайымды алға тартты. Ол өзінің осы бағытынан алдағы уақытта да таймайтынына еш күмән келтірмесе керек.