Балалар мінген автобус аударылып, 7 адам қаза тапты

Балалар мінген автобус аударылып, 7 адам қаза тапты

Балалар мінген автобус аударылып, 7 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Ресейдің Калуга облысында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Салонында 40-тан астам адам отырған автобус аударылып, 7 адам қаза тапты. Өкініштісі, олардың ішінде балалар да бар. Сондай-ақ кем дегенде 20 жолаушы жарақат алған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, олар би сайысына бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші темір тұлпардың тізгінін басқара алмай қалған. Бірақ оның рөлге нақты неліктен ие бола алмағаны әлі анықталған жоқ. Ауыр жарақат алғандар ауруханаға тікұшақпен жеткізілді. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.