Қостанайда 23 жастағы жігіт жоғалып кетті

Қостанайда 23 жастағы жігіт жоғалып кетті

Қостанайда 23 жастағы жігіт жоғалып кетті
ашық дереккөзі
Қостанайда із-түссіз жоғалып кеткен Елдос Дүйсеновке іздеу жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   23 жастағы Елдос Дәуренұлы Дүйсенов 20 қаңтарда үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Оның бойы - 180-185 см, арық денелі, қоңыр көзді, қара шашты. Үстіне джинс шалбарын және көк түсті кроссовка, қара түсті пуховик киген. Сол жақ білегінде өшірілген татуировкадан қалған тыртық бар. Сол жақ кеудесіне иероглиф түріндегі татуировка салдырған. Қостанай қаласы ІІБ «Оңтүстік» бөлімінің полицейлері жас жігітке қатысты қандай да ақпараттарды білетіндерге 8702-492-99-92, 8 747-655-21-63, 52-68-61 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.