Елімізде алдағы күндері -38 градус болады

Елімізде алдағы күндері -38 градус болады

Елімізде алдағы күндері -38 градус болады
ашық дереккөзі
Алдағы күндері Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 38 градусқа дейін аяз болып, Түркістан облысында 15-20 м/с жел болады деп күтіледі, деп  хабарлайды «Хабар 24». 21-22 желтоқсанда Ақмола облысының оңтүстігінде түнде ауа температурасы 30-33 градусқа дейін, Қарағанды облысында 32-35 градусқа дейін, Шығыс-Қазақстан облысында 33-38 градусқа дейін аяз күтіледі. Астана қаласында түнде 21-22 желтоқсанда ауа температурасы 30-32 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. 21 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Таулы аудандарда баяу бұрқасын, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.