«Ұлы дала тарихы»: Жаңа пән енгізілді

«Ұлы дала тарихы»: Жаңа пән енгізілді

«Ұлы дала тарихы»: Жаңа пән енгізілді
ашық дереккөзі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу бағдарламасына «Ұлы дала тарихы» пәні енгізілді. Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің ұйытқы болуымен оқытылатын таңдау пәнінің мақсаты – Қазақстанның ежелгі дәуірден XX ғасырдың басына дейінгі кезең тарихын студенттерге жүйелі түрде оқыту, Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Ұлы дала тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми тұжырымдарды зерделеу. Сондай-ақ, төл тарихымыздағы Мәңгілік ел идеясының тарихи бастаулары мен оның түрлі тарихи кезеңдеріндегі ерекшеліктері мен құндылықтары негізінде мемлекеттік идеологияны жүзеге асыру қарастырылған. Аталған пән Қазақ­стан тарихының теориялық-методологиялық тұжырымдарына негізделген. Курстың хронологиялық шеңбері еліміздің ежелгі дәуірден XX ғасыр басына дейінгі қалыптасқан тарихи кезеңдерімен анықталған. – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын ұғымдар орынды көтерілді. Елбасы белгілеген міндеттердің үдecінeн шығу үшін біздер, педагогтар не істеуіміз керек? Ол үшін білімді, caуaтты, ұлттың caлт-дәcтүрі мeн тaрихын, мәдeниeті мeн әдeбиeтін, тілі мeн дінін тeрeң ұғынғaн мамандарды дaярлaп, cолaр aрқылы бaршa Қaзaқcтaн хaлқының дaму пeрcпeктивacын қaлыптacтыруымыз қaжeт. Дәл оcы көзқaрac тұрғыcынaн қaрaғaндa eліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастарды заманға сай оқытып қана қоймай, олардың ұлттық caнa-ceзімін қaлыптacтыратын арнайы пән ашу мәceлecі туындaп отыр. Қоғамдық ойдың қозғаушы күшіне, ұлт идеологиясының негізіне айналуы тиіс «Ұлы даланың тарихы» пәні оқу үрдісіне осы мақсатта енгізілді, – деп атап өтті Қыздар университетінің ғалымдары. Пән 15 тақырыптан тұрады. Тақырыптарда Ұлы дала тарихы пәні және оның рухани жаңғыру мен тарихи сананы қалыптастырудағы орны, Түркі мәдениетінің дүниетанымдық мәні және көшпенділердің әлемді түйсінуінің ерекшеліктері, Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты, қазақ халқының этногенезі мен ұлттық коды туралы тың деректер қамтылған. Сонымен қатар, Ұлы даладағы тәуелсіздік үшін күрес және ұлттық бірлік пен бірегейлік идеялары, әскери өнердің қалыптасуы мен даму эволюциясы және Ұлы даланың ұлы тұлғалары жайындағы іргелі зерттеу еңбектер де топтастырылған. Қазіргі күнде аталған пән бойынша арнайы оқу құралы дайындалып жатыр. Оған белгілі ғалымдар мен сала мамандары жұмылдырылған.