Ойын ережесі өзгере ме?

Ойын ережесі өзгере ме?

Ойын ережесі өзгере ме?
ашық дереккөзі
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев өткен аптада Бизнесті қорғау жөніндегі III форумда мемлекеттік компаниялар санын екі есе қысқартуды ұсынды. Бизнесті қорғау форумында сөз алған Тимур Құлыбаев әртүрлі бағалаулар бойынша, мемлекеттің экономикадағы үлесі ЖІӨ-нің 50 пайызынан астамын құрайтынын жеткізді. Оның айтуынша, мемлекеттік кәсіпорындар негізінен тасымалдау, логистика, сауда секілді бәсекелі салаларда шоғырланған. Қазіргі заңнама мемлекеттік компаниялардың 348 қызмет түрімен айналысуына рұқсат етеді. Олар 44 салада қызмет жүргізіп отыр. «Мемлекет үлесін қысқартуға бағытталған саясаттың іске асырылып отырғанына қарамастан, жаңа кәсіпорындар мен мемлекеттік компаниялардың құрылып жатқанына куә болып отырмыз. Мемлекеттік органдар өз қажеттілігіне орай жаңа кәсіпорындар мен мемлекеттік компанияларды құрады. Мұнда көбінесе бәсеке мәселесі назардан тыс қалады. Соның нәтижесінде, 2000 жылдан бері мемлекеттік кәсіпорындардың саны 23 723-тен 26 612-ге дейін артты. Тәжірибе ойын ережесін өзгерту қажеттігін, квазимемлекеттік сектордың қызмет түрлерінің негізді екендігіне ревизия жүргізу және оларды кем дегенде 2 есеге қысқарту қажеттігін көрсетті», – деді Құлыбаев. «Біздіңше, бұл жекешелендірудің екінші толқынына қосымша серпін береді», – деді ол.