ӨЛКЕНІ ӨРКЕНДЕТЕР ҰН ЗАУЫТЫ

ӨЛКЕНІ ӨРКЕНДЕТЕР ҰН ЗАУЫТЫ

ӨЛКЕНІ ӨРКЕНДЕТЕР ҰН ЗАУЫТЫ
ашық дереккөзі
Қостанайда бидай және майлы дақыл өнімдерін қатар өңдейтін жаңа ұн зауыты салынады. Аталған жобаны «Bio Grain» компаниясы қолға алмақ. Көп салалы әрі өндірістік қуаты аса жоғары жаңа кәсіпорын ұн, кеспе, крахмал, глютен, қоспажем және майлы дақыл өнімдерін өңдеп шығармақ. Аталған жобаның жалпы құны 90 миллиард теңге. Зауыт іске қосылғанда 500 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі және қажетті шикізатты жергілікті шаруашылықтар дайындап береді. Жұмысшылар біліктілігін арттыру мақсатында алғашқы 100 адамды Қытайға оқуға жіберу көзделіп отыр.  «Bio Grain» компаниясының басшысы Дина Өтебаеваның айтуынша: «Кәсіп­орын дихандардан жылына 600 мың тонна 3 сұрыпты бидай, 120 мың тонна майлы дақыл және 750 мың тонна 4,5 сұрыпты бидай сатып алуды жоспарлап отыр». Құрылысы 2 жылға созылатын бұл зауытты салуға 1200 адам тартылмақшы.