Шалқар ауданында минералды су қайта өндіріле бастады

Шалқар ауданында минералды су қайта өндіріле бастады

Шалқар ауданында минералды су қайта өндіріле бастады
ашық дереккөзі
Ақтөбенің Шалқар ауданында минералды су қайта өндіріле бастады. Ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған өндіріс орнын іске қосуға 800 миллион теңгеге жуық инвестиция салынды, деп хабарлайды  Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ақтөбеде «Shalqar» минералды суы шығарыла бастады. «Шырайлы Шалқарым» форумына арнайы шақырылған нейрохирург Серік Ақшолақов лентасын қиып, сәттілік тіледі. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Президент тапсырмасына сәйкес біздің облыста кәсіпкерлікті дамыту, соның ішінде тұрып қалған кәсіпорындарды қайта іске қосу үшін бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Шалқар минералды суы өз кезеңінде барлық Кеңес одағына белгілі болды. Кәсіпорын объективті себептерге байланысты көптеген жылдар бойы жұмыс істемеді. Бүгін ол қайтадан іске қосылды. Зауыт аймақтың экономикалық дамуына ықпал етеді және оның өнімдері біздің елде ғана емес, сондай-ақ көрші елдерде сұранысқа ие болады деп сенемін», - облыс әкімі деді Бердібек Сапарбаев. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, су қоры өткен ғасырдың 50 жылдары анықталды. 1961 жылы қалада минералды су құятын шағын цех ашылды, ал 1979 жылы ол қалпына келтіріліп, жаңа зауыт салынды. Емдік-асханалық минералды су Кеңес одағының барлық дәріханасында сатылған. Ал 90-жылдардан бастап зауыт тоқтап қалды. «Жабдықтар Италиядан жеткізілді. Судың сапасын, құрамын, пайдалы элементтерін сақтап, сатуға шығарамыз. Суды экспорттау жоспарда бар. Алдағы уақытта халықаралық сертификаттар аламыз», - деді өндіріс орнының бас технологі Роза Халықова. Қазіргі кезде минералды су шаруашылығында 40 адам тұрақты жұмыс істеп жүр.