ІV халықаралық олимпиадасы: Білікті әскери мамандар дайындауға үндейді

ІV халықаралық олимпиадасы: Білікті әскери мамандар дайындауға үндейді

ІV халықаралық олимпиадасы: Білікті әскери мамандар дайындауға үндейді
ашық дереккөзі

Сәуір айының 2-6 аралығында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу-орнында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің жоғарғы білім беру ұйымдары курсанттарының арасында математика пәнінен ІV халықаралық олимпиадасы өтіп жатыр. Іс-шара ТМД қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің төрағасы – Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы С.Шойгу мен  Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник С.Жасұзақовтың тікелей жетекшілігімен ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – әскери мамандарды сапалы түрде дайындау, кәсіби деңгейде ынталандыру, ғылыми және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытушы-профессорлар құрамының кәсіби деңгейін көтеру, дәріс берудің әдістемесін жетілдіру және де жоғары әскери оқу-орындары арасында сапалы бәскелестік құру. Сондай-ақ, қорғаныс мекемелері тарапынан офицерлік кадр мамандарды дайындауда жоғары кәсіби деңгейде көңіл аударып, зияткерлік сайыстар арқылы халықаралық сеніммен достық қарым-қатынасты нығайту және де ғылыми-білім саласында тәжірибе алмасу болып табылады. Олимпиадаға ТМД елдерінен 7 мемлекеттің командалары қатысуда.  Олар – Ресей, Белоруссия, Қырғыстан, Армения, Қазақстан, Тәжікістан және Өзбекстан. Ауқымды шараға қазылық етуге ТМД қатысушы мемлекеттерден келетін командалардың жетекшілері және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының бейіндік ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері мен азаматтық жоғары оқу-орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы шақырылды.