7 жасар баланың ісі: Бас прокуратура тексеру шараларын бастады

7 жасар баланың ісі: Бас прокуратура тексеру шараларын бастады

7 жасар баланың ісі: Бас прокуратура тексеру шараларын бастады
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысындағы 7 жасар баланың ісі қалай өрбіп жатқанын қоғам қайраткері Аружан Саин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында баяндады.  «Бас прокуратура Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, ІІД, білім басқармасының шара қолданбау, қылмысты жасыру, қызмет өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша тексеру шараларын бастады»,-деп жазды ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында. «Біз ел басшыларын істі Бас прокуратураға жолдағаны үшін алғыс айтамыз және тексеру жұмыстары толықтай қылмыстық-атқару заңнамасына сай, обьективті болады деп сенеміз»,-деп қосты Аружан Саин. Еске салайық, Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат қоғамда қызу пікірталас туғызды. Баланың әжесі құқық қорғау органдарына немересін жоғары сынып оқушылары зорлап келгенін айтып, арызданған. Қылмыстық іс қозғалды.