Ұлттық гвардиялықтар Ұзынағаш тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді

Ұлттық гвардиялықтар Ұзынағаш тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді

Ұлттық гвардиялықтар Ұзынағаш тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді
ашық дереккөзі
Алматы облысының Ұзынағаш ауылын еріген қар суының астында қалды. Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері кеше кешке су басқан үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді.  Алматы облысының бес ауданы мен Талдықорған қаласындағы үйлерді бірнеше күннен бері еріген қар суы басып жатыр. Аудан билігі жергілікті ауқымда ТЖ режимін жариялап, әскерилерді көмекке шақырды. "Сағат 20:00 шамасында жеке құрамның күшімен Қонаев көшесіндегі үш үйдің тұрғындары көшірілді. Апаттан құтқару жұмыстарын жүргізуге 90-нан астам әскери қызметкер және 10 техника бөлінді", — деп жазылған Ұлттық гвардияның хабарламасында. Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері ауылдағы жұмысты жалғастыруда: арықтарды тазалап, құм салынған қаптардан бөгет жасап, ауыл тұрғындарына үйдің ауласынан еріген қар суын шығаруға көмектестіп жатыр.