Испанияда қыс қаһарына мінді

Испанияда қыс қаһарына мінді

Испанияда қыс қаһарына мінді
ашық дереккөзі
Испанияда қытымыр қыс қаһарына мінді, деп хабарлайды 24.kz.  Соңғы күндері мұнда қардың қалың жаууына байланысты жолдар жабылды. Әсіресе елдің солтүстік батысы мен Мадридті байланыстыратын күре жолда жағдай ушығып тұр. Мұнда жүздеген көлік жарым жолда қардың құрсауында қалды. Төтенше жағдай қызметінің мамандары тасжолдарды күреуге барын салып жатыр. Бұған әскерилер де жұмылған. Жергілікті билік тұрғындар мен саяхатшыларға маңызды болмаса ұзақ сапарға аттанбауды ескертті. Дегенмен рождестволық мереке күндерінің аяқталуына байланысты ары-бері қатынайтындардың саны азаяр емес. Қолайсыз күн райы Франция мен Германияны да қыспаққа алып жатыр. Мұнда су тасу қаупі де жоғары.