Forbes Kazakhstan: Тимур Құлыбаев - «жыл бизнесмені»

Forbes Kazakhstan: Тимур Құлыбаев - «жыл бизнесмені»

Forbes Kazakhstan: Тимур Құлыбаев - «жыл бизнесмені»
ашық дереккөзі
«Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты Forbes Kazakhstan журналының ұйғарымы бойынша «жыл бизнесмені» атанды. 
Мұқабасында Тимур Құлыбаевтың портреті бар журналдың жаңажылдық алғашқы саны 4 қаңтарда жарық көріп, сатылымға түсе бастады. Тимур Құлыбаев президент Назарбаевтың ортаншы қызы Динараның күйеуі. 2011 жылдан бері ресейлік «Газпром» компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі. Тимур мен Динара «АЛМЭКС» компаниясы арқылы Халық банкті бақылайды. Өткен жылы банк активі жағынан Қазақстандағы ең ірі банктің бірі саналатын Қазкоммерцбанкті сатып алды. Құлыбаев елдегі өзге ірі компаниялардың активтерін бақылайды. «Қазкоммерцбанк пен Халық банктің бірігуі, сақтандыру нарқындағы, авиация және медициналық бизнестегі ұстанымының нығаюы — осының бәрі бизнесменге балл жинады. Оның өткен жылдағы ең маңызды жетістігі “Атамекен” мен билік арасындағы диалогты күшейтуі», — делінген Forbes Kazakhstan жазған мақалада. Онда 2017 жылы Құлыбаев Forbes Kazakhstan болжамы бойынша «ең беделді 50 бизнесменнің» ішінде топ жарғанын және Қазақстанның «ең бай 50 бизнесмені» ішінде алғашқы үштікте екені айтылады. Тимур Құлыбаев KAZENERGY мұнайгаз және энергетикалық комплекс ұйымдары қауымдастығын, Ұлттық олимпиада комитетін басқарады. Қазақстан бокс федерациясының жетекшісі. Америкалық Forbes журналының есебі бойынша, Тимур Құлыбаевтың байлығы 2,1 миллиард долларға бағаланады.