Қазақстан туризмнің үлесін 8 пайызға арттырмақ

Қазақстан туризмнің үлесін 8 пайызға арттырмақ

Қазақстан туризмнің үлесін 8 пайызға арттырмақ
ашық дереккөзі
Қазақстан 2025 қарай туризм үлесін Ішкі жалпы өнімге шаққанда 8 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін туризм және болашақ энергиясына арналған халықаралық конференцияда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин  мәлім етті деп хабарлайды ukimet.kz. «Еліміздің табиғаты адам тартарлықтай бай және ресустарымыздың да үлесі мол. Атап айтқанда, қазақ тарихының бай мұрасы мен табиғаты ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы тізіміне еніп отыр. Ежелгі Жібек жолының бойында маңызды инфрақұрлымдық желі құрылған, бұл өз кезегінде туристер санының артуына ықпал етуде. Біз 2025 жылға қарай ІЖӨ-де еліміздегі туризмнің үлесін 8 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде осы көрсеткіш 1 пайызды құрады»,-деді А. Мамин. Сонымен қатар ол бүгінгі конференция  туристік салада инновациялық шешімдерді айқындау үшін конструктивті пікір алмасуларға тұғырнама болуы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Дүниежүзілік туристік ұйымымен (ЮНВТО) ынтымақтастықты тереңдете түсетін болады. Себебі қазіргі кезде елімізге ұйымның алдыңғы қатарлы тәжірибесі мен қолдауы қажет. Бұл  ретте Қазақстанды сұранысы жоғары туристік бағытқа айналдыру үшін туристік индустрияның озық стандарттарына айрықша мән берілуде.