Әлемдегі алғашқы робот-полицей өз қызметіне кіріспек

Әлемдегі алғашқы робот-полицей өз қызметіне кіріспек

Әлемдегі алғашқы робот-полицей өз қызметіне кіріспек
ашық дереккөзі
Бүгін әлемдегі ең бірінші робот-полицей өз қызметіне кіріседі, – деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты CNN-ге сілтеме жасай отырып.  Ақпарат порталының хабарлауынша, REEM есімді құлтемірді испаниялық PAL Robotics компаниясы құрастырған. Оның бойы – 1,67 метр. Робот-полицейдің басы, екі қолы және кеудесінде сенсор экраны бар. Робот-полицей дөңгелек арқылы қозғалады. Андроид тоғыз тілде сөйлесуге, 80 пайызға адамның бет-әлпетін ажыратуға қабілетті. Алғашқы робот-полицей туристік жерлерде және сауда орталықтарында патрульдік қызмет атқарады. Сондай-ақ, адамдардың сұрақтарына жауап беріп, мәлімет беріп, айыппұлдарды қабылдай алады. Темір күзетші қол алысып, әскери сәлемдесе алады. Сонымен қатар, оған қылмыс туралы айтуға болады, бірақ онымен тірі адамдар айналысатын болады. Дубайда 2030 жылға дейін жергілікті полицейлердің төрттен бір бөлігін роботтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Сол кезде тек роботтар қызмет көрсететін полиция бөлімшесі ашылады екен.