Қазақстанда бір адамға тіркелетін SIM-карталар саны шектелуі мүмкін

Құқық қорғау органдарының ұсынысымен жұмыс тобы заң жобасы аясында SIM-карталарды тіркеу әдістерін кеңейту мүмкіндігін де қарастырып жатыр

Қазақстанда бір адамға тіркелетін SIM-карталар саны шектелуі мүмкін
istockphoto.com
291

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бір тұлғаның пайдалана алатын SIM-карталар санына шектеу қою мәселесін қарастыруда.

"Алаяқтықпен күресу мақсатында бір жеке тұлғаға тек 10 SIM-карта тіркеуге рұқсат етіледі. Алайда егер пайдаланушы SIM-карталарды қолдану қажеттілігін растайтын құжаттарды байланыс операторына ұсынса, бұл шектеуді ұлғайтуға мүмкіндік беріледі", – делінген ресми хабарламада.

Құқық қорғау органдарының ұсынысымен жұмыс тобы заң жобасы аясында SIM-карталарды тіркеу әдістерін кеңейту мүмкіндігін де қарастырып жатыр.

Сонымен қатар заңнамалық түзетулер жобасында алаяқтық әрекеттерде қолданылатын GSM шлюздерін пайдалануға қарсы шаралар қарастырылған. Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлға өз нөмірін қайта рәсімдемейінше, оны үшінші тұлғаларға беруге тыйым салу көзделіп отыр.

Серіктес жаңалықтары