Ертең еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

Ертең ауа райы қандай болады?

Ертең еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады
istockphoto.com
299

17 ақпанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі.

Синоптиктердің мәліметінше, кей аймақтарда қатты жауын-шашын, боран, тұман және көктайғақ болады. Сондай-ақ желдің күшеюі болжанып отыр.

Ақтөбе облысында қар мен жаңбыр жауады. Батыс және солтүстік аудандарда қатты қар, боран және көктайғақ күтіледі. Солтүстік және шығыс өңірлерде тұман болжануда. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Ақтөбе қаласында да жауын-шашын күтіледі, түнде боран мен көктайғақ болуы ықтимал.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қар жауады, ал батыс, оңтүстік және тау бөктеріндегі аудандарда тұман күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында да түнде тұман түсуі мүмкін.

Атырау облысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік және шығыс аудандарында тұман күтіледі. Атырау қаласында да осындай ауа райы болжануда.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында қар жауып, көктайғақ және боран болады. Батыс және солтүстік аудандарда тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен батысында қар жауып, боран соғады. Күндіз негізінен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, сондай-ақ боран мен көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 28 м/с дейін жетуі ықтимал. Петропавлда да қар жауып, боран және көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және орталығында тұман болжануда. Жезқазғанда да кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

Ақмола облысында боран, көктайғақ және тұман болжануда. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 28 м/с дейін жетуі мүмкін. Көкшетауда жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең көктайғақ пен тұман күтіледі. Қарағанды қаласында да тұман болжануда.

Абай облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман болжануда. Қызылорда қаласында да кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды. Облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болжануда.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман және көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-шығысқа ауысуы мүмкін, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман, ал күндіз желдің күшеюі болжануда.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде қар жауып, боран болады. Күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстік және шығыс аудандарда тұман болжануда. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Қостанай қаласында түнде қар жауып, боран соғады, ал күндіз жаңбыр мен қар, көктайғақ күтіледі.

Астанада боран, түнде және таңертең тұман болжануда. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Павлодар облысының шығысы мен орталығында тұман күтіледі. Павлодар қаласында да 17-18 ақпан түнінде және таңертең тұман болжануда.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда тұман болжануда. Тараз қаласында түнде және таңертең көктайғақ және кей кездері тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары