Алаш аманатын ардақтаған 12 том

Алаш аманатын ардақтаған 12 том
сурет: istockphoto.com
597

Біз Алаш арыстарына қарыздармыз.Олардың жүріп өткен жолына үңілсеңіз, ұлттың жоғын түгендеудегі жанкештілігіне бас шайқамай тұра алмайсыз. Соңғы демі қалғанша ұлттың жүгін көтеруге тырысқан, кейінгінің жұмысын жеңілдетуге барын салған олардың аманатын орындау – ел ретіндегі парызымыз. Олардың ғұмырында біз білмейтін жұмбақ көп. Бізге беймәлім сырлар жетерлік. Соның бәрін зерттеу, зерделеу, келер ұрпаққа ұсыну ел үшін аса маңызды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап­сырмасымен 12 томдық «Алашорда ісі. 1920-1940 жылдар. Құжаттар мен мате­риал­дар» атты кітап жарық көрді. Мемлекеттік кеңес­ші Ерлан Қариннің жетекшілігімен жа­рық көрген кітап – ұлт арыстарының өмірі мен бізге беймәлім тағдырын «құпия» деген мөрі алынған 2,6 миллионға жуық мате­риал мен құжат арқылы сараптаған біре­гей еңбек. 12 томдықты әзірлеу үшін елі­міздің осы салаға қатысы бар 425 ғалымы үш жыл бойы архивтерді ақтарып, 700 мыңға жуық іс материалын жинап, сұрыптап, ғы­лыми түсініктеме жазып, оқырманға ұсынып отыр.
ХХ ғасыр қазақ халқы үшін қасіретті оқи­ғаларға толы болды. 16-жылғы ұлт-азат­тық көтерілісінің жеңіліс табуы, ақтар лаңы, Кеңес өкіметінің құрылуынан кейінгі күштеп ұжым­дастыру мен тәркілеу, 20-30-жыл­дар­дағы ашаршылық, саяси репрессия, 40-жыл­дардағы Екінші дүниежүзілік соғыс, 50-жыл­дардағы қайта қудалау, 1986 жылғы жел­тоқ­сан оқиғасынан соң қазақ жастарын қуғын­дау... Мұның бәрі қазақ халқын қырғынға ұшыратқан геноцидтер. Бірақ 74 жыл билік құрған КСРО дәуірінде мұны ашық айту мүм­кін болмады. Тек жер шарының алтыдан бір бөлігін алып жатқан алып мемлекеттің шаңы­рағы шайқала бастаған кезде шын­дық­тың шеті ашылып, ұлттық баспасөзімізде көр­некті тұлғалар қазақ басынан өткен қу­ғын-сүргін жайында айта бастады. 1991 жылы қазақ елі тәуелсіздік алған соң қазақ халқының басынан өткен қасіреттер туралы ашық ай­туға батыл қадам жасап, 1993 жылы Қазақ мемлекеті «Жаппай саяси қуғын-сүргін құр­бандарын ақтау туралы» заң қабыл­дап, 1997 жылы сол кездегі Мемлекет басшы­сы­ның Жар­лығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құр­бандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Бірақ әлі де ашылмай жат­қан ақи­қаттар көп еді. Сондықтан 2020 жылы 20 ма­мырда Қа­зақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сая­си қуғын-сүргін және ашаршылық құр­бан­дарын еске алу күніне орай үндеуінде: «ХХ ға­сырдың 20-50-жылдарындағы саяси қуғын-сүр­гін зобалаңы – халқымыздың тари­хын­дағы қасіретті кезең. Қазақстан тәуел­сіздік ал­ған­нан кейін осы нәубеттің құрбан­дарын мәң­гі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгей­дегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады.
Кеңес заманында өмір сүрген ха­лық­тарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қа­зақстанға КСРО-ның түпкір-түпкірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды. 
Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аш­тық­қа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске ала­мыз. Бұл зобалаңның қасіретін үш мил­лионға жуық адам тартты.
Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұ­мыс­тарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құр­бан­дарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комис­сия құруды тапсырдым. Біз жазықсыз жаза­лан­ғандардың әрқайсысын есте сақтау ар­қы­лы ғана кемел келешекке жол ашамыз», – деп қазақ халқы тарихындағы ақтаңдақ ке­зең­дердің шындығын ашу жолында атқарылар шаруалардың мәнін мемлекеттік деңгейдегі маңызды іс екенін атап өткен болатын.
Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің 2020 жылғы 24 қара­ша­дағы №456 Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік ко­миссия туралы Жарлығы шық­қаннан кейін арнайы ко­миссия құрылып, үш жыл бойы тыңғылықты жұмыс жүргізді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қа­рин­нің бұл жөнінде былай деген-ді: «Мемлекеттік ко­миссияның қызметіне 425 ғалым, оның ішінде аймақтардан келген 260 зерттеуші жұ­мылдырылды. Үш жылдың ішінде 60 мем­лекеттік және ведомстволық архивтен 700 мыңға жуық іс жиналды, 2,6 миллионға жуық материал мен құжаттың құпиялығы алынып тасталды, саяси-қуғын сүргіннің құрбаны болған 311 мыңнан астам адам ақталды». 
Енді, міне, осының нақты бір нәтижесі ре­тінде өткен жылдың соңында «Алашорда ісі. 1920-1940 жылдар. Құжаттар мен мате­риал­дар» деп аталатын 12 томдық архив құ­жат­тары кітап болып басылып шықты. Алаш­танушы ғалым, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғы­лымдарының докторы, Мәмбет Қойгелдиевтің жетекшілік етуімен жарық көрген Алаш қоз­ғалысының тарихына қатысты архив мате­риалдарының бұл жинағының жалпы кө­лемі 495 баспа табаққа жуық. Жиыны 6 184 бет­тен тұратын 12 томдық кітапта сурет­тер­ден өзге 3 301 құжаттың мәтіні қай тілде жа­зылса, сол тілде берілген. Жинақтың әр то­мына (2, 6 томнан өзгесінде) қазақ тілінде кіріспе және құрастырушысының томда қамтылған материалдар жөнінде мақаласы, сон­дай-ақ әр томның соңында ғылыми анық­тамалық бар.
Бұл 12 том негізінен Алаш арыстарының өмі­ріне арналғандықтан, алғашқы екі то­мында Алаш партиясының құрылуы және Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы, Мір­жа­қып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев т.б. тұл­ға­ларды тергеу, айыптауға байланысты құ­жат­тар берілген.
Алғашқы томды (№78754 А.Байтұр­сын­ұлы, М.Дулатұлы және басқалардың айыптау ісі. 1927-1930 жж.) ашқаннан-ақ құрылғанына тура жарты-ақ жыл болған қызыл өкіметтің қа­заққа, оның ішінде Алашорда автоно­мия­сына қарсы әрекетке кірісіп кеткенін көруге болады. Қараңыз (№2 құжат):
Телеграмма [наркома по делам на­цио­нальностей РСФСР] И.Сталина [зампреду Тур­гайского облисполкома] А.Джангильдину о требовании буржуазно-националис­ти­чес­кими группами автономии
[г. Москва] 7 апреля 1918 г.
Буржуазно-националистические группы требуют автономию для того, чтобы прев­ра­тить ее в орудие закабаления своих собст­вен­ных масс. Именно поэтому, признавая цент­ральную советскую власть, они, вместе с тем, не хотят признать местных Советов, требуя невмешательства в их внутренние дела.
И.Сталин

Бұдан Қазан төңкерісінен кейін билікті қолына алған большевиктердің қазақ же­рінде құрылған Алаш автономиясына көз­қарасының қандай болғаны айқын көрінеді. Өйт­кені Ресейдегі Патша өкіметі құлап, ор­нына Керенский бастаған Уақытша өкімет кел­ген соң көп ұзамай қазақ интеллигенциясы бірі­гіп Алашорда үкіметін құрған еді. Сон­дық­тан алғашқы томда берілген «Правительство Алаш-орды. Проект программа партии «Алаш» (г.Оренбург, 21 октября 1917 г), «Из про­токола заседания ІІ Общекиргизского (Обще­казахского) съезда» (г.Оренбург, 5-13 де­кабря 1917 г.), «Доклад члена Кир(Каз)воен­рев­кома А.Байтурсынова по поводу вклю­чения Кустанайского у. Тургайский обл. в Челябинский р-н» (г.Оренбург, 7 апреля 1920 г.) деген құжат­тардан сол тұста Алаш қозғалысының қандай жұмыстар атқарғанын білуге болады. Сондай-ақ «Письмо [зампред Кир(Каз)военревкома] А.Байтурсынова [председателю Совнаркома РСФСР] В.Ленину о преодоления советский влас­ти к казахский интеллигенции» (г.Москва, 19 мая 1920) деген құжат та Алаш ар­­­дақ­ты­лары­ның қандай сауатты һәм ұлты үшін қан­дай істер істеуге дайын екенін танытады. Ле­нинге жолдаған әлгі хатында Байтұрсынұлы сол кездегі қазақ пен орыстың бір-біріне көз­қарасы қандай екенін былай жеткізеді: «Од­ним лишь переименованием себя в ком­му­нистов-интернационалистов, русские не могут возбудить в себе доверия нерусской на­ции, имеющей вековое знакомство с хит­роумной политикой царского пра­ви­тельства. У киргизов есть поговорка: «Сары орыстын бари орыс», что по-русски означает: «Русский, кто бы он ни был, есть русский» (грабитель, угнетатель). Всякая хитроумная политика, рассчитанная на обман киргизского народа, кроме внешней призрачности, ничего существенного достигнуть не может. Народ, с затаенной злобой и ненавистью молчаливо переносивший многовековой гнет царизма, может и теперь молчать, но это терпеливое мол­чание может продолжаться до тех пор, пока не представится случая так или иначе выражать свое неудовольствие» (1 т. 57-бет). Бұл хат – жазған адамның жай сауатты ғана емес, ұзақ жыл отаршылдықта болған елдің психологиясын терең білетін сұңғыла әрі ба­тыл саясаткер екенін танытса керек. 
Сонымен бірге осы томның «78754 Алаш ісі: 1927-1930 жж. Сот процесі» де­ген екінші бөлімінде Алашорда жетекшісі Әлихан Бөкейхановты тергеу материалдары (5 құжат) берілген. Онда Бөкейханов ісіне қатысты екі куәнің тергеуде айтқан сөздері, Әли­ханның сөзі («Протокол показаний 
А.Букей­ханова») берілген. Бөкейханов өз сөзінде былай деген: «После распада Алаш-Орды в 1919 г. у нас, националистов, бывших ала­шординцев, никаких попыток органи­зоваться в какую-либо организацию и вести борьбу, организованную борьбу против советской власти не было» деп саяси тұрғыда өзінің кінәсіз екенін айта келіп, өздеріне тағылған ұлтшылдық мәселесі туралы: «Вообще же обсуждения националистической деятельности с кем-либо я тоже не вел, т.к. считаю, что единственно, с кем я мог говорить как националист с националистом, являются Байтурсунов и Дулатов, но с ними я ни о ка­кой тактике националистов не говорил, а если мы с ними и вели разговоры на «нацио­на­листические» темы, то только «плакались» на судьбу. 
Мое отношение к земельной политике сводится к следующему: я считаю, что на­делять и русских (переселенцев), и казахов оди­наковыми нормами нельзя, т.к. русские более культурные и они всегда будут превос­ходствовать в земледелии, а за тем закабалят казахов. Вот мой «национализм» в земельном вопросе. Что касается того, что в как будто вмешиваюсь в земельные дела Наркомзема, то тут я должен сказать, что, конечно, я ника­кой роли не играю, и я, например, отвергаю обвинения т.Голощекина, когда он обвинил Султанбекова, который по приезде в Москву ходил не к Голощекину, а ко мне. Дело было так. Султанбеков, как наркомзем Казрес­пуб­ли­ки, приехал сюда в Москву, чтобы провести утверждение земельных норм в Госплане РСФСР (1927 г.). Эти нормы уже были утверж­дены казахскими учреждениями, где их защищал и проводил Швецов. Так вот Сул­тан­беков с тем, чтобы опять заполучить Швецова для защиты норм в Госплане РСФСР, и обра­тился ко мне, ибо он знал, что со Швецовым у нас старинное знакомство (34 года), что он не откажется, если я попрошу его сделать это, если же Султанбеков обратился бы не­посредственно, то, может быть, Швецов и отказался. Швецов, действительно, после моей просьбы остался защищать. Голощекин же обвинил Султанбекова, что вот он пошел за «советом» ко мне», – деп мәселенің басын ашып, сауатты жауап берген. Міне, Әлиханның осы секілді жауаптарынан оны қамауға алуға себеп таба алмаған болуы керек, ол туралы «Совершенно секретно» грифімен жасалған «Письмо ВО ОГПУ в ПП ОГПУ по Казахстану о не­достаточноси фактов для ареста 
А.Букейханова» (г.Москва, 7 июня 1929 г) деген құжатта былай делінген: «Ввиду того, что имеющиеся материалы на Букейханова не вполне достаточны для немедленного ареста, мы допросили его с таким расчетом, чтобы в случае отрицания им предлагаемых вопросов иметь возможность отпустить без ареста».
Приложение: Протокол допроса Букей­ханова от 27 мая 1929 г.
Врид помнач ВО ОГПУ Балдаев.
Демек, қазақ оқығандарының ішінде сая­си сауаты өте жоғары саналған Әлихан Бө­кей­­хановтың батыл жауаптарына байла­ныс­ты оны оп-оңай қамауға алуға мүмкін бол­ма­ған. 
(Осы кітаптар ретінен сәл озып айтар болсақ. Ә.Бөкейханов туралы «Алаш ісі» 12 томдығының 5-томында 12 құжат бар. Оның алғашқы екі құжаты қазақ тілінде – 1917 жылы 13 қарашада «Сары арқа» газетінің 
18, 20-нөмірінде басылған Сұлтанмахмұдтың «Ғалиханның Семейге келуі» деген мақаласы, қалғаны 1937 жылдың 27 июль – 27 сентябрь айлары аралығында жасалған орыс тіліндегі тергеу, айыптау материалдары. Әлихан секілді бір ұлттың маңдайына тіккен азаматын жазықсыз қаралап, өлім жазасына кесу үшін бар болғаны 2 ай уақытта жасалған 10 құжат шешіпті...)
«Следственные материалы на Байтур­сы­нова Ахмета» бөлімде 12 құжат берілген. Онда Бай­тұрсынұлына қатысты куәлардың жауап­тары, куәгер Д.Әділов жүздестіру кезінде жа­салған тергеуде айтқаны, бірнеше рет тер­геуде берген өз жауаптары бар. «Протокол допроса свидетеля И.Абдрахимова. (г.Кзыл-орда, 24 май 1927 г) деген құжатта куәгерден Бай­тұр­сын­ұлының «ұлтшылдығы» туралы сұраған болса керек, куәгер Қазақ халық ағарту инс­ти­тутында (КИНО) онымен бірге 1923 жыл­дан бері жұмыс істеп келе жатқанын айта ке­ліп, онда коммунистік тәрбие берілуі қажет екенін, алайда онда сабақ берушілерде (бұл жер­де А.Байтұрсынұлын назарда ұстап отыр) коммунизмге дұшпандық көзқарас бар екенін айта келіп былай дейді: «7 января 1927 г. на уроке истории культуры Байтурсунов задал сту­дентам 1) 7 янв следующий вопрос: «В госу­дарс­тве существует диктатура. Может ли она быть уничтожена или нет?».
Студенты ответили (некоторые), что будет уничтожена, если будет коммунизм. Нуж­но оговориться, что такой ответ был дан на следующем уроке, т.к. задав вопрос, Бай­тур­сунов посоветовал над ним подумать и ушел.
Некоторые из студентов говорили, что пси­хология человека неизменяема и взаимоотношения между людьми, вследствие этого, изменяться не могут. После споров меж­ду студентами в виде заключительного слова говорил Байтурсунов следующее.
Вопрос об уничтожении диктатуры вообще сейчас решить трудно, т.к. вперед нельзя знать, что будет. Если судить о возможности коммунизма, то нужно иметь в этом отношении опыт. Кто нам должен по­ка­з­ать этот опыт? Коммунисты. Они пока­зы­вают или нет? И отвечает, что нет. Взять, нап­ример, КИНО, который не имеет здания, а Мунбаев один занимает несколько комнат.
Пишут, например, в газетах, что в Москве сос­тавлен план жилищного строительства и ду­мают построить 100 домов. Почему же ду­мают строить в Москве, а не в Кзыл-Орде? У нас здесь в домах большая нужда, а дома ст­роят в Москве» деп ұлт ұстазының комму­низм­ге теріс көзқарасын дәлелдегендей бо­ла­ды. Ал Байтұрсыновтан «ұлтшылдық», «ком­мунизмге қарсылық» іздеп отырғандар үшін бұл куәлік көзір болғаны белгілі. Бірақ Бай­тұр­сынұлы тергеуге берген жауабында (құжат: «Протокол допроса А.Байтұрсынова» г.Кзыл-Орда, 2 июня 1929 г): «У меня никаких раз­ногласий с программой ВКП(б) не было. Нет этих разногласий и в данное время.
Исключен я из партии при чистке 1921 г. как пассивный член. Моя пассивность зак­лю­ча­лась в том, что я углубился в научную ра­боту, не бывал на партийных собраниях и вообще уделял мало времени политике, т.к. считал, что основной работой является науч­ная работа по языку и казахской литературе, без чего не мыслил себе вести просветительс­кую работу» деп, бұл мәселеге деген оңды көз­қарасын білдірген. Бірақ осыған қара­мас­тан оны бәрібір кінәлі деп тауып мынадай ше­шім шығарған:
«В процессе следствия по делу №6 выяс­ни­лось:
1) что гр. Байтурсунов Ахмет Байтур­суно­вич является инициатором создания под­по­ль-ной антисоветской организации, имевшей связь с басмачеством в Средней Азии;
2) подпольная организация имела связь с бандой братьев Адилевых, оперировавшей на территории Сары-Суйского р-на Сыр-Дарьинс­кого окр.;
3) подпольная организация система­ти­чески, на протяжении ряда лет, противо­действовала проведению мероприятий соввласти как в области культурного, так и хозяйственного строительства, т.е. гр. Бай­турсунов совершил преступления, предус­мот­ренные 58-7, 58-11, 59-3 ст. УК.» (Құжат: Пос­тановление ВО ПП ОГПУ по Казахстану о привлечении А.Байтұрсынова по делу о создании подпольной антисоветской орга­низации. г.Кзыл-Орда, 12 июня 1929 г). Мұ­нымен тынбай А.Байтұрсынұлын тағы да тер­геп, қазақтың өзге тұлғалалары туралы сұра­ған болса керек, «Дополнительный доп­рос А.Байтұрсынова» (г.Алма-Ата, 18 июня 1929 г) деген құжаттағы жауабында ол былай деп жазған екен:
«Вопросов о направлении казахской литературы я ни с кем не обсуждал. В част­нос­ти, не помню, чтобы я читал вместе с Бу­кей­хановым новую платформу, составленную Магжаном Джумабаевым. Во всяком случае, хорошо помню, что Джумабаева, в бытность мою в Москве, я в квартире Букейханова не вст­речал, а также не был на квартире и самого Джумабаева.
Не помню (это было в общежитии Нар­компроса РСФСР в Москве, куда я ездил на Краеведческий съезд осенью 1924 г.) точно, воз­можно, Джумабаев и Букейханов были у ме­ня в общежитии или же все мы вместе вст­речались на заседаниях краеведческого съез­да. Также не помню, чтобы мы читали плат­фор­му «Табалдырык». Возможно, что мате­риа­лы по литературе мы и читали, но точно не помню, в рукописи или газетные мате­риа­лы. Сарсембина я помню, в бытность мою в Москве я его видел с Джумабаевым.
...Относительно Чокаева я знаю только, что он находится в Париже. Кажется, в 1924 г. в Париж на Всемирную выставку произве­де­ний искусства ездил казахский певец Амре Кашаубаев, который по возвращении оттуда рассказывал, что видел Чокаева. Больше о нем не рассказывал и не расспрашивал. При ка­ких условиях Амре рассказывал мне об этом, специально ли заходил ко мне или при слу­чайной встрече – я не помню» депті. Бұ­лар­дан бөлек 2-томда А.Байтұрсынұлына қатысты та­ғы бес құжат бар (олар 25.12.1929 –.17.02.1930 жж ара­лығында жасалған), оның төртеуі тергеу материалы.
«Алаш ісі. Құжаттар мен материалдар» жи­нағының 1-томында Міржақып Дулатовты тер­геу бойынша 10 құжат, 2-томында 10 құ­жат бар. Алғашқы томдағы құжаттардың 1, кейінгі томда 2 құжат қазақша жасалған, қал­ғандары орысша. 1-томдағы «Мемлекет сая­си мекемесінің Күншығыс бөліміне тұт­қын М.Дулатұлының мәлімдемесінен» (Мәс­кеу қ. 19 қараша 1929 ж.) деген құжатта ол былай деп жазыпты:
«Мен абақтыда жатқаннан бері бірнеше рет жауап бердім. Бірақ әдейі болсын, қате­ле­сіп ұмытқаннан болсын, барлық білгенімді түгел айтқаным жоқ. Мен, абақтыда жазықсыз отыр­мын деп ойламаймын, айыбым, қатем бар. Кеңес үкіметінің жолына қайшы пікір­лерім, істерім бар. Сондықтан әсіресе, соңғы күн­дерде ұзақ ойланып, бар білгенімді айт­пақшымын. Сонымен бірге салт-сана, саясат жолындағы қателерімді мойындамақпын.
Бұл жөнінде өтінішім: мені абақтыдағы жолдастарым Байтұрсынұлы Ахмет, Ғаб­басұлы Халел, Аймауытұлы Жүсіпбек, Бол­ғамбайұлы Хайретдин, Есполұлы Мыр­зағазы, Бірімжанұлы Ғазымбек, Жұмабайұлы Мағжан, Жүсіпұлы Сапа, Байтасұлы Абдолла, Омарұлы Елдеспен кемінде үш күн бірге отырғызсаңыз екен. Мен олармен сөйлесер едім, жоғарыдағы пікірге келгенімді айтып, мақұл көрсе сол пікірде бірге болып теріс жолдан бірге қайтар едік». Міржақып неліктен бұлай деп өтініш білдірді екен? Шамасы, өзімен бірге айып арқалаған жолдастарының тергеуге берер жауаптары бір болса, жазықсыз жазаланудан құтылар едік деген үміт болса керек. 
Енді 2-томдағы қазақша құжаттарға кел­сек, оның алғашқысында («Мемлекет саяси ме­кемесінің Күншығыс бөліміне тұтқын 
М.Дулатұлының мәлімдемесінен», Мәскеу қ. 19 қараша, 1929 ж) Міржақып негізінен Әділұлы Дінше мен Битілеуұлы Дамолланың өзіне қа­тыс­ты берген куәлігіне жауап берген. Кей­бір маңызды жерлерінен үзінді келтірейік: «1927 ж. туралы: ол кезде троцкишілдік бағ­дары, айтысы, ағылшын-кеңес арасындағы көңіл күйге байланысты (под настроением) Кеңес үкіметінің халі нашарлап барады, со­ғыс болуы да мүмкін деп ойлайтынбыз. Егер Кеңес үкіметі үшін қиыншылық туатындай бол­са, біз (алашордашылар, ұлтшылдар) сияқ­тыларға үкімет сенбейді, абақтыға жабар деп ойлайтынбыз. Сондықтан ондай бола қалса, сақтану керек, қырға шығып кету керек деп ойлайтынбыз. Міне, осы ойларымды Діншеге айтқанмын. Діншеге «Торғайға, өз еліме ке­темін. 50-60 жігіт жинаймын, қаруландыра­мын» дегенім жоқ және «Соғыс болмаса да бәрі­бір еліме кетемін, отряд құрамын», деп дәл­деп айтқаным жоқ. Жоғарғыдай жалпы түр­де айттым.
Соғыс бола қалса қазақ еліне қиын бола­ды. Адамын, мал-мүлкін қорғайтын күші жоқ. Сол кезде елде болсақ, әрі өзіміз аман қалар едік, әрі қолдан келгенше елді қорғау қамын іс­тер едік деген мағынада сөйледім. Соғыс бол­маса да отряд құрамыз, көтеріліс жасай­мыз деп айтқаным жоқ. Бұл туралы Дінше жаңы­лысады. Теріс мағлұмат береді. Болмаған сөзді қалай айтқанын түсінбеймін. Соғыс бол­са, Кеңес үкіметі құлайды деп ойлағаным рас.
Шоқайұлы туралы да Діншенің жауа­бында қателер бар. Шоқайұлы түрік елшісіне хатшы дегенді, Женеваға, Берлинге барып жүргенін айтқаным жоқ. Өйткені оның анық қай­да барып жүргенін өзім де білмеймін. Кө­бінесе Парижде болады екен деп еститінмін. Жоғарғы сөздерді Дінше басқа біреуден естіп, сосын ұмытып, маған жапсырып отыр ма деп ойлаймын.
Маған 1928 ж. Нұрлан келгені рас. Оған: «Әділ балаларын ұстауға Шымкенттен отряд шы­ғады деген хабар бар. Және де кәмпеске науқанына да ол ауданға адамдар шығады, сақ­тансын» дедім. «Семей жағында қашып жүр­ген адамдар бар, соларға қосылып, Қытай шегіне шығып кеткені дұрыс» дегенім рас». 
Міржақыптың бұл жауаптарынан оның іс­те­ген істерін еш жасырмайтын батылдығын көр­сетеді. Міржақыпқа қатысты тағы бір құ­жат­та (М.Дулатұлының мәлімдемесі. Мәскеу қа­ласы. 30 қараша 1929 ж) әлі күнге көптің кө­­кейінде жүрген бір мәселе айтылады: «Бұ­рын­ғы жауабымда тағы бір жасырғаным – Иманұлы Амангелді мен отряд бастығы Таранның қалай өлтірілгенін дұрыс айт­па­ған­мын. Дұрысында ол екеуі Алашорда Әскер­лік кеңесінің қарарымен атылған. Иман­ұлы­ның атылу себебі: провокация жасағандығы үшін. Таранның атылу себебі отряд бастығы болғаны үшін емес. Таран сол өткен қыста Қостанай совдепінің бастығы болып тұрған екен. Торғайдағы Алашорда қызметінде бол­ған қостанайлықтардың арасынан Таранның Қостанайда қазақ еліне істемеген зорлығы жоқ. Осы күнге шейін Таран десе қазақ жы­лай­ды. «Таранды өлтіру керек» деп талап ет­кен­дер болды. Мұны айтушылар кімдер екені қазір анық есімде жоқ. Тағы да сол біз Тор­ғайда болған жолы қазақтан 10-15 адам атыл­ған. Бұларды атушы Торғайға келіп орна­ған казак-орыс әскерінің (бастығы Моги­лев) төтенше комиссиясы. Могилев әс­кері Торғайға келе жатқанда Торғайға бізден бұрын Колчак үкіметінің уездік комиссары болып тұрған Алмасұлы Омар әлгі қазақтарға казак-орыстарды жіберіп ұстатқан. Сол атылған адамдардың ағайындары кейін Алмасұлын өлтірді». Аласапыран заманда шиеленіскен мәселелердің қай жағына шығу қажеттігін, қайтсе әділ боларын білудің өзі қиын. Сондықтан М.Дулатұлының бұл айт­қандарына қарап кейбір тұлғалардың ісіне лайықты баға беру үшін әлі талай тың­ғы­лықты зерттеу керек.
Жиыны 6 мың беттен асатын 12 том­дықтан ұлт тарихына, Алаш арыс­тарына қатысты көптеген тың дерек табуға болады. Ұлт ертеңі үшін керт бастарын сертке ұстаған боздақтарымыздың тағдыры мен та­рихын зерттеушілер мен келешек ұрпақ үшін берері мол қазына десек болады. Сон­дықтан өзіміз көз жүгірте жылдам қарап шық­қан алғашқы екі томдағы материал­дар­дың ішінен Алаш қайраткерлерінің үш белгілі тұл­ғасы туралы құжаттарда берілген мәлі­мет­терді саралап көрдік. Соның өзінде бұрын бізге белгісіз болып келген талай фактілерге кө­зіміз түсіп, сол жайында аз ғана сөз қозға­дық. 12 томдықта архив құжаттары қай тілде берілсе, біз де одан алынған дәйексөздердің сол қалпын сақтадық.
Бір нәрсе ғана анық: «Алаш ісі: 1920-1940. Құ­жаттар мен материалдар» атты 12 томдық кітап – тарих ғылымы үшін және кеңестік ке­зең­дегі оқиғалардың, сол тұста ғұмыр кеш­кен тарихи тұлғаларға қатысты шындықты білгісі келетін көпшілік қауым үшін баға жет­пес еңбек. Ал бұл кітапты шығарушылар то­бы (жобаны жүзеге асырған ғалымдар, құ­жаттарды тауып қалпына келтірген архив қызметкерлері) ұлт тарихының шынайылығы үшін зор еңбек етіп, үлкен игілікті іс жасаған. Сондықтан алдағы уақытта мұндай еңбектер көптеп шыға берсе мемлекет үшін де, халық үшін де зор бедел, биік мәртебе дер едік.


Ахмет ӨМІРЗАҚ
 

Серіктес жаңалықтары