264
Кентауда сатушылардан ет алып, ақшасын төлемей кеткен келіншек ұсталды
Келген шығын мөлшері 20 млн теңге.

Кентауда ет дүкенінен ет алып, ақшасын төлемей кеткен келіншек ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тергеу мәліметінше 39 жастағы келіншек екі жыл бұрын ет сататын дүкеннің иесінен ет алып, ақшасын бөліп қайтаруға уәде еткен. Бірақ сол күйі хабарсыз кеткен.
«Ол сондай-ақ басқа да сатушылардан ақшасын төлемей ет алып, кейін ол етті арзан бағамен базарда сатқан», - деді полиция.
Тәртіп сақшылары 6 қылмыстық эпизодты анықтады. Жалпы шығын көлемі 20 млн теңге.