Досына есепшотын берген азаматқа соттан шақырту келген

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Досына есепшотын берген азаматқа соттан шақырту келген
istockphoto.com
Автор
Админ
316

Шотына 20 млн теңгеге жуық қаражат түскен Ақмола облысының тұрғыны сотқа шақырылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Степногорск қаласның тұрғыны 2024 жылы достарымен бірге Астана қаласына келіп, жұмыс істеп жүрген. Біраз уақыт өткеннен кейін шотына қомақты қаражат түсе бастаған, бірақ ол қаражаттың түсіп жатқанын білмеген. Азаматтық тәртіпте қаралатын сот отырысына шақырту келгеннен кейін бір-ақ білген. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жүгінген.

«Тексеріс барысында оның есепшотына белгісіз тұлғалардан 20 млн теңгеге жуық ақша түскені анықталды. Есепшоттың иесі ол ақшалар туралы білмегенін айтады. Ақша түсерден біраз уақыт бұрын досы өз қаражатын аудару үшін реквизиттерін сұрап алған. Осылайша басқа тұлғаларға материалдық зиян келтірген болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары