291
Қазақ қызы қысқы Азия ойындарының жеңімпазы атанды
Бұл сайыста Қытай құрамасының спортшысы Динигер Иламужан күміс жүлде иеленді

Қытайда туып-өскен, ұлты қазақ спортшы Баян Жалынқызы IX қысқы Азия ойындарындаалтын медаль жеңіп алды.
Ол шаңғы жарысында, 5 шақырымдық (еркін стиль) бәсекеде 12 минут 07.5 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті.
Бұл сайыста Қытай құрамасының спортшысы Динигер Иламужан күміс жүлде иеленсе, тағы бір қытайлық спортшы Чы Чуншуэ қола медаль еншіледі.