АҚШ-та заңсыз мигранттарға қарсы рейд кезінде Қазақстан азаматтары ұсталды

Ұсталғандр Пуэрто-Рико мен Виргин аралдарындағы ICE, ERO және CBP мекемелерінде рәсімдеуден өтуде

АҚШ-та заңсыз мигранттарға қарсы рейд кезінде Қазақстан азаматтары ұсталды
istockphoto.com
397

Пуэрто-Рикода заңсыз иммигранттарды анықтау және депортациялау операциясы барысында федералдық билік 100 адамды ұстады.

CNN мәліметінше, 26 қаңтарда басталған бұл операция АҚШ президенті Дональд Трамптың иммиграцияға қатысты жарлықтарына жауап ретінде жүргізіліп жатыр. АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің Тергеу бөлімінің (HSI) мәліметінше, ұсталғандар қатарында Гватемала, Эквадор, Доминикан Республикасы, Гаити, Мексика, Қазақстан, Өзбекстан, Италия, Жапония және басқа да елдердің азаматтары бар.

Ұсталғандардың бәрі Пуэрто-Рико мен Виргин аралдарындағы ICE, ERO және CBP мекемелерінде рәсімдеуден өтуде. АҚШ билігі шекараны қорғау және федералдық иммиграциялық заңдарды сақтау мақсатында жедел шаралар қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары