358
Талдықорғанда жол апатынан төрт адам көз жұмды
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматы – Өскемен тас жолында, Талдықорғанға жақын маңда болған жол апаты салдарынан төрт адам көз жұмды.
Жол апаты 8 ақпанда Audi-100 автокөлігінің қатысуымен болды. Белгілі болғандай, тас жолдың 271-шақырымында жүргізуші көлікті басқара алмай, ағашқа соғылған. Оқиға орнында жүргізуші мен үш жолаушы көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде", – деп мәлімдеді Жетісу облысы ПД бастығы Сарқытбай Құсайынов.
Полиция өкілдері барлық жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін қатаң сақтауға және барынша мұқият болуға шақырды.