«Пах-шіркін!»: Мұхтар Шахановтың кәсіби фотолары көпшілікті тәнті етті

Желіде ақиық ақын Мұхтар Шахановтың жаңа фотолары тарады

«Пах-шіркін!»: Мұхтар Шахановтың кәсіби фотолары көпшілікті тәнті етті
Фото: instagram.com/aigerim.abzhan
436

Кәсіби фотограф Әйгерім Абжан әйгілі тұлға Мұхтар Шахановты мүлдем жаңа образдарда түсіріп, «1986-Ақиқат/Бейбітшілік» суреттер топтамасын дүйім жұртқа ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталмыш жобаға астаналық Әзірбайжан Мәмбетов театрының актерлері Ермахан Дулатұлы мен Әли Бидахметтің қолғабыс болғаны белгілі болды.

«Достар, бұл суреттер тарихта қалатынына сенемін және мұндай тарихи оқиғаға үлес қосқаныма қуаныштымын», – деді Е.Дулатұлы. 

Желі қолданушылары да суреттер топтамасын жоғары бағалап, ақынды басқа қырынан көргендерін айтады.

«Фотосессияның концепциясы өте мықты шыққан», «Пах-шіркін, атам сәнқой!», «Осындай серия болса, шіркін», «Мәссаған, Мұхтар атаның өзі ме?» – деп жазды оқырмандар.

Серіктес жаңалықтары