Төреғали Төреәлінің күйеу баласы қос анасына бағалы сыйлық жасады
Дархан Нортаев енесі мен анасына бренд сағат тақты.

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фаризаның күйеуі енесіне бағалы бренд сыйлық жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Коуч, психолог Фариза Төреәлі күйеуі Дархан Нортаевқа ризашылығын білдіріп, жазба қалдырды. Бейнеде күйеу баласы Дархан енесі мен анасына қымбат брендтен сағат таққан.
«Анаға сый – жүректен. Бүгін менің жүрегім ерекше елжіреп тұр… Себебі жан жарым екі анамызға да сыйлық жасады. Бірақ бұл жай ғана дүние емес, бұл – жүректен шыққан шынайы құрмет, алғыс пен махаббаттың көрінісі. Ана үшін баланың бір жылы сөзі де – ең үлкен сый. Бірақ ер азаматтың анасына жасаған құрметі – бүкіл шаңыраққа жайылатын береке. Себебі ана разы болса, Алла разы. Қазақта «Ер адамның анасына деген құрметі – әйеліне деген махаббатының айнасы» деген сөз бар. Бүгін осы сөздің мағынасын терең түсіндім. Сізге алғысым шексіз. Жаным, екі анамызға жасаған сыйлығыңыз екі дүниеде еселеп қайтсын. Ризашылығы мен батасы жолыңызды ашсын. Осы сәтте бір-ақ нәрсе ойладым: Алла біздің балаларымызға да ата-ана қадірін білетін жүрек берсін! Ата-аналарымызға Раббым ұзақ ғұмыр берсін», - деді Фариза Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Дархан Нортаев - кәсіпкер, споршы, джиу-джитсудан Азия ойындарының чемпионы.