Астанада үй қызметшісі алтын әшекейлерді ұрлап кеткен

Ол үй иесінің сеніміне кірген.

Астанада үй қызметшісі алтын әшекейлерді ұрлап кеткен
istockphoto.com
Автор
Админ
338

Астана полициясы алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 52 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Тергеу барысында күдіктінің ол отбасында үй қызметшісі болып жұмыс істегені анықталды. Үй иелерінің сеніміне кірген ол шкафта тұрған, құны 800 мың теңге болатын алтын сақина мен сырғаны ұрлаған», - деді полиция.

Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Серіктес жаңалықтары