Қытайда аш қалыңдық неке сақинасын жеп қоя жаздады

Қытай азаматы сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты ерекше жасамақ болған.

Қытайда аш қалыңдық неке сақинасын жеп қоя жаздады
509

Ер адам ғашығы жеп отырған десертке алдын ала алтын сақина салдырған. Алайда ол қарыны ашқан қыз сақинаны шайнап жатқанын көріп қалған, деп жазды turkystan.kz.

«Назар аударыңыздар, жігіттер! Ешқашан үйлену туралы ұсыныс сақинасын тағамға жасырмаңыз!» - деп жазды әлеуметтік желіде Лю басынан өткен оқиғаны есіне алып.

Ашқарақ ару ұннан жасалған тортты асыға жеген.

«Торт ұнның қалың қабатымен жабылған, сондықтан мен оны қатты тістеп, күшпен шайнадым. Сақина тісіме тигенде ғанан барып, сезілді. Сондықтан дереу түкірдім», - деді ол.

Осы сәтте Лю болашақ жарына бұл сақинаны не үшін торт арасына салғанын түсіндірген.

Осыдан кейін қыз күліп, бірге өмір сүруге келісім берген.

«Бұл біз үшін ешқашан ұмытылмайтын естелік болады, бірақ ұсыныстың бұл тәсілі аздап қауіпті. Басқалар біздің тарихымызды ескерту ретінде қабылдайды деп үміттенемін", - деп қосты ол өз жазбасында.


 

Серіктес жаңалықтары