Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде өрт шықты

Барлау жүргізіліп, өрт ошағы табылған соң сөндіру жұмыстары басталды

Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде өрт шықты
istockphoto.com
327

Бүгін 112 пультіне Алматы қаласы Медеу ауданындағы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қонақ үйлердің бірінде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қонақ үй қызметкерлерінің келушілерді сыртқа шығарып үлгергенін анықтаған. Барлау жүргізіліп, өрт ошағы табылған соң сөндіру жұмыстары басталды.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 8 шаршы метр аумақтағы жалын 16 минут ішінде оқшауланып, толығымен сөндірілді. Сондай-ақ оқиға орнында келушілер үшін арнайы жылыту пункті ұйымдастырылды.

Серіктес жаңалықтары