Билл Гейтс әлеуметтік желіге тіркелді

Билл Гейтс әлеуметтік желіге тіркелді

Билл Гейтс әлеуметтік желіге тіркелді
ашық дереккөзі
Әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс - қолданушылары миллиардқа жақындаған WeChat әлеуметтік желісіне тіркелді. Билл Гейтс сенбі күні өзінің блогында қытайлық желі қолданушыларымен сәлемдескен, деп жазады Mashable. Microsoft негізін қалаушысы әлеуметтік желіге өзі кездескен адамдар жайлы, сондай-ақ оқыған кітаптары туралы қызықты деректер жариялайтынын айтқан. WeChat-тың көмегімен мәтіндік және аудио хабарламалар, суреттер мен видеотаспалар жіберуге болады. Одан бөлек, адамдар аталмыш әлеуметтік желіні шоттарға төлем жасап, ақшалай қаражаттар жіберу үшін қолданады. Қазіргі таңда WeChat-қа 900 миллионға жуық адам тіркелген. Олардың көпшілігі бұл қосымшаны күн сайын қолданады, деп хабарлайды Tencent-тегі құрастырушылар.