АҚШ, Жапония және Корея БҰҰ-ға жүгінді

АҚШ, Жапония және Корея БҰҰ-ға жүгінді

АҚШ, Жапония және Корея БҰҰ-ға жүгінді
ашық дереккөзі
АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея Солтүстік Коряның баллистикалық зымыран ұшыруына байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуге шақырды. Олар бұл қимыл БҰҰ резолюциясын бұзып отыр деп есептейді. Отырыс дүйсенбі күні кешкісін өтуі мүмкін.
Пхеньян жексенбі күні таңертең орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранның жаңа түрін ұшырғанын мәлімдеді. Солтүстік Корея зымыран ядролық оқтұмсықты алып жүруге қабылетті дейді. Сеул, Токио және Вашингтон солтүстіккореялық зымыранның ұшырылуын қадағалады. Әскерилер мұны орта қашықтықтағы "Мусудан" баллистикалық зымыранының жетілген түрі дейді, бірақ континентаралық зымыран емес. Бұл Солтүстік Кореяның Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы зымыран ұшыруы. Сарапшылар мұны жаңа әкімшілікке қыр көрсетуі дейді. Вашингтон Пхеньянға қатысты қаржылық санкцияларды күшейтіп, аймаққа америкалық теңіз әскерін көбейтетінін мәлімдеген.