Ана мен баланың арманы орындалды

Ана мен баланың арманы орындалды

Ана мен баланың  арманы орындалды
ашық дереккөзі
  «Нұр Отан» партиясының Қостанай облысы, Лисаков қалалық филиалы науқас баласы бар анаға көмек қолын созды. Жалғызбасты ана Әсемгүл Ержанова мүгедек баласын тәрбиелеп отыр. Бала ауыр сырқат болып дүниеге келген. Бүгінге дейін балаға бірнеше ота жасалған. Анасы мен баласы жатақханының шағын бөлмесінде тұрады. Биылғы жылдың қаңтар айында Әсемгүл Ержанова жатақханадан үлкен бөлме алуға жәрдемдесуін өтініп, партияның қалалық филиалынан көмек сұрады. Партиялықтар Ержановтар отбасының тұрмыс жағдайымен танысып, «Жатақхана» ЖШС әкімшілігіне осы отбасының тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша өтініш берді. Қаңтар айының соңында мәселе оң шешімін тауып, Ержановтар отбасы жеке санитарлық торабы бар (екі бөлмелі) секцияға ауысты. Бүгінде Әсемгүл Мақсатқызы бөлмелеріне жөндеу жүргізіп, ұлы үшін жеке бөлмесін жабдықтауда, өйткені баланы мұғалімдер үйде оқытатын болады. 2013 жылы «Нұр Отан» партиясының «Шексіз жақсылық» қайырымдылық марафоны аясында, партияның жергілікті филиалы осы отбасына «Bio Bravo» атты батыс Германдық электростимуляторды сатып алуға көмек көрсетіп, Астана қаласына барып баланың тексерілуі үшін жол ақысын төлегенін айта кеткен жөн. – «Нұр Отан» партиясына алғысым шексіз. Партиялықтар көрсеткен қолдау арқасында келешекте жағдайымыздың жақсы болатынына сенімдімін», – дейді Әсемгүл. Партияның қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің кеңесшісі Нұрлан Балдиков атап өткендей, филиалға осындай жатақханадан бөлме бөлу мәселелерімен көптеген адамдар келген. Ержановтар отбасына көрсетілген көмек – бұл шешімін тапқан мәселелердің бірі ғана.