Әскери салада шығынға батқан мемлекеттер анықталды

Әскери салада шығынға батқан мемлекеттер анықталды

Әскери салада шығынға батқан мемлекеттер анықталды
ашық дереккөзі

Стокгольмдегі әлемдік мәселелерді зерттеу институты (SIPRI) жаһандық қару-жарақ саудасы мен жарақтандыруға кеткен шығындардың есебі туралы кезекті баяндаманы жариялады деп хабарлайды «Коммерсант». Хабарламадағы мәліметтер бойынша, 2014 жылдағы әлемдік әскери шығындардың 4,8%-ы Ресейдің үлесіне келеді. Бірінші орында 34%-бен АҚШ, екінші орында 12%-бен Қытай тұр. Өткен жылы Ресейдің әскери шығын 2013 жылмен салыстырғанда 8,1%-ға өсіп, ЖІӨ 4,5%-ын немесе 84,5 млрд долларды құрады. Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты табыстың азаюынан 2015 жылға елдің қорғаныс бюджеті 5%-ға қысқартылды. 2014 жылы жалпы әлемдегі әскери шығындар 1,776 трлн долларға тең келген немесе 2013 жылмен салыстырғанда 0,4% азайып, жаһандық ЖІӨ 2,4% -на тең келді. Баяндамада хабарланғандай, осымен үшінші жыл әскери шығындарда қысқартылу тенденциясы байқалып келеді.