«Apple» АҚШ-тағы ең бай компания деп танылды

«Apple» АҚШ-тағы ең бай компания деп танылды

«Apple» АҚШ-тағы ең бай компания деп танылды
ашық дереккөзі
«Apple» табысы жөнінен америкалық компаниялар көшін бастады. «The USA Today»-дің хабарлауынша, корпорацияның капиталдануы 700 миллиард доллардан асқан. 10 ақпанның қорытындысы бойынша, америкалық смартфон өндірушінің акциясы $ 2,29, яғни 1.9% көтеріліп, соның арқасында оның капиталы рекордтық максимумға жеткен. Осылайша, 2014 жылы компания өз капиталын 58% ұлғайтты. 1976 жылы 1 сәуірде Калифорнияның Купертино қаласында негізі қаланған компания дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар мен бағдарламалар өндірушілер арасында оқ бойы озық тұр.Корпорацияның негізін Стив Джобс, Стив Возняков және Рональд Уейн салған. Возняков құрастырып шыққан Apple I компьтерінің жетістігінен соң компания ақпараттық технологиялар нарығын жаңа өнімдермен толықтыра бастады. «Apple» -дің ең танымал өнімдері – компьютердің Macintosh желісі, iPod, iPhone және iPad. 2011 жылдың өзінде-ақ «Apple» компаниясы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша ең қымбат компания болып танылған еді. Компанияға «Apple» атауын Стив Джобс берген. Жас кезінде ол алма фабрикасында жұмыс істеп, жеміс диетасында отырған екен. Джобс бұл сөзді құлаққа жағымды естіледі деп санаған. Сонымен қатар фирманың атауы телефон кітабында «Atari» компаниясының алдында тұруын да маңызды деп есептесе керек. Тағы бір қызықты жайт, «Apple» -дың әлем назарын жаулаған атақты компьютерінің «Macintosh» аталуы да тегін емес. Macintosh –АҚШ-та өсірілетін алманың ерекше сұрыпы. Компанияның тістелген алма түріндегі логотипі әлемнің түкпір-түкпірін шарлап кетті. Исаак Ньютонның алма ағашының астында отырған бейнесін көрсететін «Apple»-дің ең алғашқы логотипін Р.Уейн ұсынған болатын.Кейіннен Роб Джанофф бір жағы тістелген, кемпірқосақ түстес алманың суретін ұсынып, ол 1976 жылдан 1998 жылға дейін қолданыста болды. Кейін алманың түсі қараға өзгертіледі. Бұл логотип 1998 жылдан бері қолданылып келеді.