Өзбекстан Сырдарияны ластауда

Өзбекстан Сырдарияны ластауда

Өзбекстан Сырдарияны ластауда
ашық дереккөзі

Сырдың суында кездесетін 9 бірдей химиялық элементтердің мөлшері шектен тыс көбейіп кеткен деп хабарлайды Астана арнасы. Бұл қоспалар түрлі өнеркәсіп орындарының қалдықтары екендігіде анықталып отыр. Осы мәселе бойынша 3 жыл зерттеу жүргізген Үйлесбек Бестереков, М. Әуезов атындағы ОҚМУ «ҚР Су ресурстары сапасына мониторинг зертханасы» жетекшісі: «Сырдың суын ластауға үлкен үлес қосып отырған ел біздің ойымызша - Өзбекстан. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, Өзбекстан территориясынан шығатын су - ең жоғары ластанған дәрежеде. Әсіресе, осының ішінде сынапқа қатысты мүмкіндігі шекті шоғыр 0,01 микрограмм литр болса, ол қазір 25-30 есеге артық. Молибденге қатысты 15-20 есеге асып кеткен. Хром, кадмий, мыс қатысты 1 микрограм литрден аспау керек, ол екі есеге артып кеткен», - дейді ғалым. Мұндай жағдайда балық шарушалығы мен егіс алқаптарының өнімін тұтыну да қауіпті болмақ. Айта кетейік, Сырдария өзені Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанды кесіп өтеді. Сондықтан 4 мемлекет ішіндегі зерттеу жұмыстарына 3 жыл бұрын НАТО-ның ғылыми комитеті 570 мың еуроға жуық грант бөлген. Қаржының Қазақстанға тиген мөлшері 137 мың евро. Алайда, қаржының басым бөлігі зерттеу қондырғыларына жұмсалған. Енді Сырдарияның ластануы мәселесі бойынша өзен бойындағы төрт елдің ғалымдары Бішкекте бас қоспақ.