Қытай ғарыш кемесін ұшырды

Қытай ғарыш кемесін ұшырды

Қытай ғарыш кемесін ұшырды
ашық дереккөзі
Қытай бортында екі экипаж мүшесі бар «Шэньчжоу-11» («Қасиетті кеме-11») ғарыш кемесін ұшырды, деп хабарлады BBC. Аппарат «Чанчжэн-2F» («Ұлы сапар-2F») зымыран-тасығышының көмегімен Ганьсу провинциясындағы  «Цзюцюань» ғарыш айлағынан жергілікті сағат 7.30-да ұшырылды. «Шэньчжоу-11» бортында командир Цзин Хайпэн мен оның серіктесі  Чэнь Дун бар. Цзин Хайпэн осымен үшінші мәрте, ал  Чэнь Дун алғаш рет  ғарышқа ұшып отыр. Ғарышкерлер орбиталды зертханада бір ай болады. Бұл Қытай тарихындағы рекордтық миссия. КХР төрағасы Си Цзиньпин «Бұл миссияға қатысушылардың бәрін және ғарышкерлерді құттықтаймын. Жұмыстар әрі қарай сәтті жалғасады, алға қойылған міндеттердің барлығы орындалады, осылайша Қытайдың ғарышты игеру процесі тездеп, біз аса күшті ғарыш державасына айналамыз деп сенем» деді. «Шэньчжоу-11» екі күн ішінде 393 км биіктікте «Тяньгун-2» («Аспан сарайы») орбиталды зертханасымен түйісуі тиіс. Экипаж орбитада медициналық, ғылыми сынақтар жасайды. Қытайдың жоспарында Айға адам қондыру және Марсқа пилотсыз кеме ұшыру бар. Қытайдың ғарыш бағдарламасы 50 жылдан бері дамып келеді. 1970 КХР алғаш рет жасанды Жер серігін ұшыраған болатын.