Ресейлік байлар елдегі тұрақсыздықтан Еуропаға қоныс аудармақ

Ресейлік байлар елдегі тұрақсыздықтан Еуропаға қоныс аудармақ

Ресейлік байлар елдегі тұрақсыздықтан Еуропаға қоныс аудармақ
ашық дереккөзі

Австралияның Ресейге қарсы былтыр қыркүйекте салған санкциялары таяуда күшіне енгендігін елдің Сыртқы істер министрі Джули Бишоп мәлімдейді. Бірінші кезекте салынған санкция барысында Ресейге қару-жарақ пен қосалқы бөлшектерді экспорттауға тыйым салынбақ. Сондай ақ, мұнай өндіру қондырғыларын, Қырым мен Севастопольге энергия саласына қажетті құрылғыларды импорттауға шектеу қойылды. Кейбір Ресей компаниялары қаржылай қолдаудан да қағылмақ. Оған қоса, Қырым мен Севастополге Австралtkltu3иядан инвестиция тартуға рұқсат жоқ. Ол инфрақұрылым, көлік, телекоммуникация, энергетика, мұнай-газ салаларын қамтиды.

Ал Австралияның «қара тізіміне» 63 ресейлік және украиналық азамат ілікті. Ал Испания билігі табысы күмәнді ресейліктердің банктегі есеп-шоттарын табыс көзі туралы билікті дер кезінде хабардар етпегені үшін уақытша жауып отыр. Испан билігі сондай-ақ, сырттан келген азаматтардан өзге мемлекеттерде жалпы сомасы 50 мың еуродан асатын жылжымайтын мүлік пен қаржы активтеріне декларация талап ететін болды. Ал мұндай мәліметті жасырғандар 5 мыңнан 10 мың еуроға дейін айыппұл төлемек. Ресейдің кейбір қалталы азаматтары экономикалық тоқырау жағдайында Лондон немесе Швейцарияға көшуді жоспарлап жүр. Daily Telegraph хабарлауынша өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берген 30 олигархтың басым көпшілігі жақын арада Ресейден көшетінін мәлімдеді. Респонденттердің әрқайсысының шамамен 2,5 млрд доллардай қаражаты бар, ал компанияларының жылдық айналымы өткен жылы 6,5 млрд долларды құраған. 2014 жылы, Ұлыбританияға инвесторлық виза сұраған ресейліктер саны 2013 жылмен салыстырғанда 69 пайызға өскен. Осы жағдайды ұтымды пайдаланған Ұлыбритания ең төменгі инвестиция көлемін 2 есеге арттырып, 2 млн фунт стерлингке көтерді. Ресейліктердің Еуропаға ұмтылуы қазіргі Ресейді экономикалық жағдайымен байланысты болуы мүмкін.