Ұлттық банк Жұбан Молдағалиевтің мерейтойына монета шығарды

Ұлттық банк Жұбан Молдағалиевтің мерейтойына монета шығарды

Ұлттық банк Жұбан Молдағалиевтің мерейтойына монета шығарды
ашық дереккөзі
Ұлттық банк Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай монета шығарды. «Ұлттық банк номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан «JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталарды шығару қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орайластырылған», – делінген Банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы «brilliant uncirculated», номиналы 100 теңгелік, таралымы – 7 000 дана. Монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.