18 Қазан, 19:51 1096 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Мүмкіндігі шектеулі отбасыға ауылдастары үй салып берді

Қызылорда облысы Қазалы ауданында жергілікті тұрғындар асар әдісімен мүмкіндігі шектеулі отбасыға үй салып берді.

Ауданға қарасты Қ.Пірімов атындағы ауылда тұратын Орысбай Науқанбаев – дүниеге келгеннен екінші топ мүгедегі. Әйелі де – мүмкіндігі шектеулі жан.

Олар тұратын үйді жыл сайын су басып қалатын. Биылғы көктемде нөсер жаңбыр салдарынан мол су үй ішіне дейін жайылып кеткен. Салдарынан баспана жарамсыз күйге түсті. Елдегілер ортақ шешімге келіп, жаңа үйдің кірпішін қалауды бастап кетті.

«Жерлестері ағамызға үй салу жөнінде шешімге келдік. Алғашқыда санаулы азаматтан қаржы жинайтын болып келісілген. Алайда біз әлеуметтік желі беттерінде қысқаша ақпарат жарияладық. Содан кейін осы ауылда дүниеге келген, қазір еліміздің әр түкпірінде жүрген азаматтар да көмек қолын созатынын жеткізді. Небәрі үш күнде қомақты қаржы жиналды. Осылайша игілікті іске сыртта жүрген және ауылдағы ағайын бірге жұмылды. Асарға күніне 100 адамға дейін жиналған уақыт болды», – дейді мектеп мұғалімі Сәбит Ықыласов.

Жерлестерінің жанашырлығы арқасында мүмкіндігі шектеулі отбасы жайлы баспанаға қол жеткізді. Жақында олар жаңа үйге көшті.

Жаңа үйге кірген О.Науқанбаев өз алғысын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар