18 Қазан, 17:27 425 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

«Бурабай» ұлттық табиғи паркі өртке оранды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы орман алқабында қураған шөп өртенді, – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қазанның 17 қазанда өрт тұтанып, қатты жел оның өршіп, үлкен аумаққа жайылуына себеп болған.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жұмысшылары мен аумақтық ТЖД жеке құрамынан 107 қызметкер және 16 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» АҚ бір өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрт 70 гектар аумақты шарпыды» деді ведомстводан.

Айта кетейік, жалын бүгін таңғы сағат 05:40 кезінде ауыздықталды. Қазіргі кезде «Қазавиаорманкүзеті» мемлекеттік мекемесінің тікұшағы арқылы өрт болған аумаққа әуеден бақылау жүргізіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар