Бес жылдан бері үйсіз жүрген 600 үлескер биыл баспаналы болады

Бес жылдан бері үйсіз жүрген 600 үлескер биыл баспаналы болады

Бес жылдан бері үйсіз жүрген 600 үлескер биыл баспаналы болады
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда бес жылдан бері баспанасын күтіп жүрген 600-ге жуық үлескер биыл жаңа пәтердің кілтін алады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды. «Баспана Көктал» көппәтерлі тұрғын үй кешені бірнеше жер учаскесінде орналасқан. Ол 13 үйден тұрады. Оның біреуі ғана аяқталды. Бес жыл бұрын қалған 12 үй құрылысы ұзаққа созылған нысан ретінде танылды. Олардың әрқайсында шешілмеген мәселелер болды: шатырдан су кету, қасбеттің, терезелердің, есіктердің, лифт шахталарының болмауы. Жарық, жылу, су мен кәріз жүйелері де инженерлік желілерге қосылмады. Үлескерлермен бірнеше рет кездесіп, жоспарлы құрылыс кестесін құрдық», – деп жазды қала басшысы. Оның сөзіне сенсек, бұл үйде 600-ге жуық отбасы пәтерін күтіп жүр. Бұрынғы құрылысшы бірнеше қабатты заңсыз салып, лифті қарастырмаған. Құрылыс саласындағы қолданыстағы нормаларға сәйкес ғимарат 6 қабаттан асса, міндетті түрде лифтімен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, өртке қарсы эвакуациялық баспалдақтар да болмаған. «Осыған байланысты лифті мен эвакуациялық баспалдақ орнату үшін бөлімдерді бөлшектеу қажет болды. Барлық аталған құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй кешенін «Елорда құрылыс компаниясының» қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салып жатырмыз. Құрылыс қарқынын күшейтіп, үйлерді жыл соңына дейін аяқтауды тапсырдым. Аумақты абаттандыру көктемге жоспарланған», – деді Алтай Көлгінов.