Ертеңнен бастап Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі

Ертеңнен бастап Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі

Ертеңнен бастап Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында 13 қазаннан бастап карантин күшейтіледі. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысында айтылған. Жаңа қаулыға сәйкес, тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады. "Жазғы алаңы бар, ашық аулада орналасқан, сондай-ақ ғимарат ішінде жұмыс істейтін, 30-дан аспайтын отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандары 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Ішінде ұжымдық іс-шара, би алаңы мен үстелдерді біріктіруге тыйым салынсын", – делінген қаулыда. Сонымен қатар қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. "Адамдарды қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметі бойынша сағат 6.00-ден 20.00-ге дейін бес минуттан аспайтын рейсаралық интервалмен қарбалас уақытта маршруттардағы көлік санын арттыруы тиіс", – делінген құжатта. Қаулыға сәйкес, облыстағы спорт нысандары, фитнес орталықтар мен жаттығу залдарының жұмысы да тоқтатылады. Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі. "Жергілікті полиция қызметі жасырын жүргізіп жатқан отбасылық, ұжымдық іс-шараларды, медициналық маскасыз жолаушылар тасымалдаған қоғамдық көліктерді анықтауға патрульдеу күшейтілсін", – делінген жаңа қаулыда. Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданында Булаево қаласы мен Есіл ауданының орталығы Явленка елді мекеніне қатаң карантин енгізілген болатын.