Қазақстанда 182 медицина қызметкері коронавирустан көз жұмды

Қазақстанда 182 медицина қызметкері коронавирустан көз жұмды

Қазақстанда 182 медицина қызметкері коронавирустан көз жұмды
ашық дереккөзі
Пандемия басталғалы елімізде 12 830 медицина қызметкері коронавирусқа шалдыққан.  Оның ішінде 8339 маман вирусты кәсіби қызметімен айналысу барысында жұқтырған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.  Министрдің сөзінше, бүгінгі таңда медициналық қызметкерлердің 88%-ы немесе аймақтық комиссия деңгейінде расталған жағдайлардың 3 454-і COVID-19 бойынша өтемақы алған.  Сондай-ақ, Алексей Цой коронавирустан 182 медицина қызметкері көз жұмғанын айтты. Аймақтық комиссия індеттен қайтыс болған 58 медициналық қызметкерлердің туыстарына өтемақы беру туралы шешім қабылдапты. Бүгінгі күнге дейін 37 отбасыға өтемақы төленген. Министр бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынына сендірді. Айта кетейік, бұған дейін Алексей Цой ел тұрғындары қауіпсіздік талаптарын сақтамаса, қатаң қарантин қайта енгізілетінін ескерткен. Министрдің айтуынша, карантин тәртібінің бұзылуына байланысты салынатын айыппұлдар саны артып келеді. Бұл өз кезегінде шектеу шараларының, қауіпсіздік талаптарының орындала бермейтінін аңғартады.