Таразда үй өртеніп, 2 бүлдіршін мерт болды

Таразда үй өртеніп, 2 бүлдіршін мерт болды

Таразда үй өртеніп, 2 бүлдіршін мерт болды
ашық дереккөзі
Тараз қаласында тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, екі бала қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «1 қазанда сағат 09:57 минутта полицияға, Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт орын алғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Оқиға орнын қарау барысында полицейлер 2017 және 2018 жылы туылған екі баланың мәйітін тапқан»,-делінген хабарламада. Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 292 бабы 3 б.-бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жамбыл облысының полиция және төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ балаларын тұрмыста өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелеріне үйрету қажеттігіне шақырады.