«Nur Otan» хатшысы «Праймериз» жүйесі жұмысының тежелу себебін түсіндірді

«Nur Otan» хатшысы «Праймериз» жүйесі жұмысының тежелу себебін түсіндірді

«Nur Otan» хатшысы «Праймериз» жүйесі жұмысының тежелу себебін түсіндірді
ашық дереккөзі
Бүгін «Nur Otan» партиясы праймеризінің дауыс беру кезеңі басталды. 10 076 кандидат жеңістен үмітті. Қазіргі уақытта «Праймериз» ақпараттық жүйесіне 728 879 адам тіркелген. Бұл туралы партия хатшысы Әлібек Әлденей мәлімдеді. Оның айтуынша, дауыс беру басталған сәттен жүйеге тіркелушілердің белсенділігі жоғары. Сағат 11:00-ге де бір мезеттегі жүктеме 76 мыңнан астам сұранысқа жеткен. "Мұның барлығы жүйеге артық салмақ түсіруге әкеледі, ол тиісінше процессті едәуір баяулатып, сұраныстарды өңдеу уақытын ұлғайтады. Қазір біздің IT-мамандарымыз техникалық іркілістерді жою, арналардың өткізу мүмкіндіктерін арттыру шараларын қолға алуда", - деп жазды партия хатшысы Facebook-тегі парақшасында. Әлібек Әлденейдің сөзінше, «Дауыс беру нәтижелері» бөлімінің жаңартылуы 30 минуттан 1 сағатқа дейін уақыт алады. Бұл алгоритм жүйеге түсетін жүктемені төмендету үшін енгізілген. "Талдау көптеген қолданушының жүйеде сағаттап отырғанын көрсетті. Сондықтан кандидаттардан және басқада қолданушылардан жүйеге қайта-қайта кіруді тоқтата тұрып, партиялықтардың дауыс берулеріне мүмкіндік берулерін сұраймын", - деді Ә.Әлденей. Сондай-ақ, «Nur Otan» хатшысы әрбір партиялықтың дауыс беру нәтижелері сақталатынын және сұраныстарды өңдеу барысына қарай міндетті түрде жүйеде көрсетілетін атап өтті. "Қорғаныс және шифрлау кез келген бұрмалаушылыққа жол бермейді. Еліміздің ең шалғай елді мекендерінің тұрғындарын қоса алғанда партияның барлық мүшесі дауыс бере алады. Тез арада барлық мәселенің шешілетініне сенімдімін. Уақыт жеткілікті. Әрбір азамат дауыс бере алады!", - деп жазды ол.