Парагвайдағы халық балаға түрік есімін беруге әуестене бастаған

Парагвайдағы халық балаға түрік есімін беруге әуестене бастаған

Парагвайдағы халық балаға түрік есімін беруге әуестене бастаған
ашық дереккөзі
Парагвайдағы халық балаларына түрік телехикаялары кейіпкерлерінің есімін бере бастапты, – деп жазды TRT. Түркиялық БАҚ-тың дерегінше, түрік телехикаяларына тәнті болған Латын Америкасы елдеріндегі халық балаларына кейіпкерлердің есімін бере бастаған. «Парагвай – түрік телехикаялары көрсетілетін Латын Америкасы елдерінің бірі. Ондағы «Registro Del Estado Civil» атты ресми ұйым өзінің твиттер-аккаунтында телехикаялардан шабыт алған азаматтардың балаларына қойылған кейбір есімдерімен бөлісті. Жергілікті тұрғындар Шехразад, Керим, Кемал, Девран және Мұстафа сияқты есімдерді балаларына қоя бастаған», – деп жазады TRT.