Жапония Айда сутегі зауытын салуды жоспарлап отыр

Жапония Айда сутегі зауытын салуды жоспарлап отыр

Жапония Айда сутегі зауытын салуды жоспарлап отыр
ашық дереккөзі
Жапонияның аэроғарышты зерттеу агенттігі 2035 жылы Айда сутегі отынын шығаратын зауыт салуға дайын екенін мәлімдеді, – деп жазады Kyodo агенттігі. Кәсіпорын жоспар бойынша Айдың Оңтүстік полюсінде орналасады. Мамандардың айтуынша бұл жақта мұздың үлкен қоры бар. Бұл ресурсты ауыз су, оттегі және сутегі өндіруге пайдалануға болады. Материалда ай зауыты жерден отын тасымалдау шығындарын едәуір төмендететіні, бұл ай мен ғарышты игеру қарқынын тездететіні айтылған. Былтыр Жапония NASA ай бағдарламасына қосылу туралы шешім қабылдаған еді.