Лукашенко Беларусь аумағына польшалық тауарларды кіргізуге тыйым салды

Лукашенко Беларусь аумағына польшалық тауарларды кіргізуге тыйым салды

Лукашенко Беларусь аумағына польшалық тауарларды кіргізуге тыйым салды
ашық дереккөзі
Беларусьтің кедені елге польшалық тауарларды кіргізуді тоқтаты. Бұл туралы Gazeta Wyborcza хабарлады. Басылымның жазуынша, шекарадан кофе қорабын, шоколад кәмпиттерді, тіпті дәретхана қағазының бір бумасын да алып өту мүмкін емес. Кеденшілер туристерге таңдау құқығын береді: не жүк ішіндегі польшалық тауарларды алып тастайды, не Польшаға кері қайтады. Бір қызығы, олар мұндай шешім қандай негізге сүйеніп қабылданғанын түсіндірмейтін көрінеді. Gazeta Wyborcza-ның болжамынша, бұл тыйымның мақсаты – Минсктің сарқыла бастаған валюталық қорын құтқару. Сондай-ақ, бұл қадам арқылы Александр Лукашенко Польша және Литвамен арадағы шекараны жабу туралы мәлімдемесінің бос сөз емес екенін көрсетпекші. 17 қыркүйекте Беларусь басшысы соғыс қаупі туғандықтан елдің жарты әскеріне қару ұстатып, елдің батыс шекарасын жабуға мәжбүр болғанын және «бауырлас» Украинамен арадағы шекараны күшейтілген бақылауға алуға тура келгенін айтқан еді. 9 тамызда өткен президент сайлауынан кейін Беларусьте басталған наразылық шерулері жетінші аптаға ұласты. Сайлау қорытындысына, яғни Александр Лукашенконың 80 пайыздан астам дауыс жинағанына сенбейтіндерін айтқан жұрт оның отставкаға кетуін, елде қайтадан сайлау өткізілуін талап етуде.  Ал Лукашенко бұл берекесіздіктің артында Беларусьтің түбіне жетуді көздейтін Батыс елдері тұр деп есептейді. Еске сала кетейік, бұған дейін Еуропарламент 5 қарашадан бастап Александр Лукашенко Беларусь президенті ретінде мойындалмайтынын  мәлімдеген.