Праймериз: Алматылық әйел кандидаттар жұмыспен қамту саясатын жетілдіруге ниетті

Праймериз: Алматылық әйел кандидаттар жұмыспен қамту саясатын жетілдіруге ниетті

Праймериз: Алматылық әйел кандидаттар жұмыспен қамту саясатын жетілдіруге ниетті
ашық дереккөзі
Алматыда праймеризге қатысушы әйел азаматтар үгіт-насихат жұмыстарында ерлерден қалысар емес.  Мысалы, праймеризде жұмысшы табының мүдделерін білдіретін қатысушылардың бірі өндірістік міндеттерді шешумен қатар, балалар ұйымдарына, қорларға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайда қалған отбасыларға қайырымдылық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік мәселелерді де белсенді насихаттайды. Ауданның бастауыш партия ұйымдарында өткен кездесулерде партия мүшелерімен бірге мектеп мұғалімдерінің мәртебесі, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, автобус маршруттарын ұйымдастыру мәселелерін талқылануда. Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Алматы көш бастап тұр. Бұл жағдайда, олардың пікірінше, Алматыда жаңа мектептер мен балабақшалардың құрылысы мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балалар санының өсуіне сәйкес келмейді. Праймериздің басқа қатысушысының кездесулерінде Түрксіб ауданында жаяу жүргіншілер өткелінің қауіпсіздігі, тротуарларды жайластыру, сондай-ақ ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Жалпы, Алматының әйел кандидаттары адам әлеуетін дамыту стратегиясын құру және енгізу арқылы мемлекеттік Жұмыспен қамту саясатын жетілдіруді талап етеді. Жұмыспен қамту бағдарламасын енгізу, еңбек қызметі барысында кәсіби бағдар беру, нысандалған оқыту және нәтижелі жұмысқа орналастыру, ірі жұмыс берушілерді қолдау, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту - міне, алматылықтардың пікірі бойынша дәл әйел-саясаткерлердің жүзеге асыруға қабілетті мәселелерінің тізбесі. Қаланың жастар секторының өкілі болып табылатын праймеризге қатысушы әлеуетті сайлаушылар мен жақтаушылар арасында жастардың одан әрі елден кетуіне жол бермеу мақсатында олардың өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасауды белсенді түрде насихаттайды. «Біздің еліміз дарынды жастардың шетелге кету проблемасымен күресуге мәжбүр, бұл елдің сапалы адами ресурсының нашарлауына әкеледі», - дейді ол өзінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунтында. Естеріңізге салсақ, кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары Zoom арқылы бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен онлайн-кездесулер, ашық алаңдарда немесе желдетілетін үй-жайларда санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып оффлайн-кездесулер арқылы жүргізіледі.