Аягөзде Абай Құнанбайұлы бейнеленген мурал пайда болды

Аягөзде Абай Құнанбайұлы бейнеленген мурал пайда болды

Аягөзде Абай Құнанбайұлы бейнеленген мурал пайда болды
ашық дереккөзі
"Шығыс - Адалдық алаңы" жобасы аясында, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Аягөз қаласы, Қабанбай көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй ғимаратына Ұлы Абайдың бейнесі салынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.  "Муралда ақынның "Adal júrip, Adal tur" деген қанатты сөзі және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталық номері (1424) мен эмблемасы бейнеленген.
Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділеттілік және сатылмаушылық қағидаларын сіңіруге арналған.
Әр қазақстандықтың бұл іске атсалысуы құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында елдегі жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді", делінген хабарламада.