Алимент төлемеген әке көлігінен айрылды

Алимент төлемеген әке көлігінен айрылды

Алимент төлемеген әке көлігінен айрылды
ашық дереккөзі
Алимент төлемеген елорда тұрғынынан Toyota Camry көлігі тартып алынды. Бұл туралы сот орындаушылар өңірлік палатасының баспасөз орталығы хабарлады. Нұр-Сұлтанда алимент пен салық төлемейтіндерді іздеу бойынша екінші ай қатарынан рейд жүріп жатыр. Заң бұзушылардың бірі - 2016 жылдан бері алимент төлемеген ер адам. Оның қарызы үш миллион теңгеден асады. "Қаулы шығарылып, жеке сот орындаушысы борышкерді тауып алды. Елорданың ПД қызметкерлерімен бірлесіп, автомобильдің техникалық паспорт пен көлік кілттері алынды. 2014 жылы шығарылған Toyota Camry 55 маркалы автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды, енді мамандар көлік құралын бағалап, оны аукционға шығару керек. Осылайша, бірінші кезекте борышкер өз баласының алдындағы қарызын өтей алады", дейді Нұр-Сұлтан қаласы ЖСО өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мәдина Жанасаева.